Halyq Uni логотип
×

Оралдық кәсіпорындарда 124 жұмысшы жалақыларын ала алмай жүр

Оларға басшылары 50 млн теңге берешек

 Еркеғали Болатұлы 04.04.2023 | 10:50
Оралдық кәсіпорындарда 124 жұмысшы жалақыларын ала алмай жүр
фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында еңбек дауы көбеймесе, азаяр емес. Заңгерлердің айтуынша, бұған жұмысшы мен жұмыс беруші арасында келісімшарттың жоқтығы себеп. Ал бұдан қорғансыз қызметкер ғана емес, мемлекет те орасан зор зиян шегіп отыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қызметке тұрғанда немесе уақытша жұмыс тапсаңыз, жұмыс берушіден алдымен келісімшарт жасауды талап етіңіз. Арадағы уағдаластық заңмен бекітіліп, мөрленіп, қағазға түсуі керек. Заңгерлер осылай дейді. Әйтпесе айтылған уәде сол күйінде қалып, айналып келгенде тиын-тебенді қанағат қылуыңыз мүмкін.

Заңгерлердің айтуынша, шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің кесірінен құзырлы органдар да дәрменсіз. Бұдан жұмысшы ғана емес, мемлекетке келер зиян орасан. Өйткені табыстан түсетін салық түгел төленбейді, зейнетақы аударымы да жасалмайды. Ал ел бюджетінің елеулі бөлігі салықтан құралады.

Бізге күніне еңбек дауына қатысты 2-3 іс келеді. Кәсіпкерлер мораторийді жамылып, жұмысшының конституциялық құқын аяқасты қылып отыр. Мұны кезінде Еңбек министрлігіне де жаздық. Жағдайды түзейміз деп уәде бергенмен, өзгеріссіз қалды. Мұңын шаққан азаматтарды еңбек инспекциясына жолдаймыз. Олар мораторийді алға тартады. Егер олардың қолынан ештеңе келмесе, бұл мекемені таратып жіберу керек. Бәрібір пайдасы жоқ қой, - дейді заңгер Павел Кочетков.

Былтыр Еңбек инспекциясына 1 мыңнан аса тұрғыннан арыз түскен. Олар жалақының кешіктіріліп, еңбек шарты жасалмағанына әрі жұмыста қауіпсіздіктің сақталмағанына өкпелі. Заң бұзған кәсіпорындарға 50 миллион теңге айыппұл салыныпты.

2022 жыл мен 2021 жылдың өтініштерін салыстырсақ, былтыр арыз-шағымдар 27% өскен. Себебін атап өтуге болады. Ол – өткен жылдарда еңбек инспекциясымен әлеуметтік желілер мен БАҚ-та түсіндіру жұмыстарының белсенді жүргізілуі, - дейді БҚО еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Артур Батыров.

Дегенмен өңірдегі 3 кәсіпорын 124 жұмысшысына 50 млн теңге айлығын әлі төлемеген. Қазір бұл кәсіпорындарға жалақы берешегін өтеу міндеттелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама