Олар 4,4 мың қызметкерге берешек болып шықты
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.
Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 230 кәсіпорнында 4,4 мың жұмыскердің алдында 866,4 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындар басшыларына орындалуы міндетті 134 нұсқама беріліп, 27 млн теңге айыппұл салынды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 752,7 млн теңге төленді.
Бұған дейін Қазақстан кәсіпорындары жұмыскерлерінің 565 млн теңге жалақысын төлемеген еді.