KEGOC 5 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін

Қымбат Елтайқызы

Компанияға қатысты тексеру нәтижесі белгілі болды

фото: Halyq Uni

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) «KEGOC» АҚ-қа қатысты тексеруді аяқтады.

ТМРК құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде «KEGOC» АҚ-қа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заң талаптарының бұзылуы анықталды, – деді ұлттық экономика министрлігі.

Нәтижесінде «KEGOC» АҚ-қа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабы, 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол субъект өтініші бойынша сот қарауына берілді. Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, «KEGOC» АҚ-қа 4 900 800 теңге айыппұл салынады.