Halyq Uni логотип
×

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен

 Еркеғали Болатұлы 30.03.2023 | 16:23
Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды
фото: Halyq Uni

ОКҚ-да өткен брифингте Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы Өмірсерік Тәжмағанбетов қаржы пирамидасының басым бөлігі Алматыда анықталатынын, сондықтан онда қаржы алаяғы құрбанының саны көп екенін жеткізді.

Халықтың басым бөлігі Алматыда тұрады. Осыған байланысты қаржы пирамидасы осы өңірде ең көп таралған. Біз ең көп қылмыстық істерді Алматыда тіркейміз. 2022-2023 жылдары бұл жерде 12 қаржы пирамидасын анықтадық. Олардан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен, - деді Өмірсерік Тәжмағанбетов.

Оның айтуынша, қаржы пирамидалары мен құрбандар саны бойынша Алматыдан кейінгі орында Астана қаласы мен Қарағанды облысы тұр.

«Бұлар да – 7 қаржы пирамидасы анықталған ірі аймақтар. Одан кейін Ақтөбе облысы (4 қаржы пирамидасы), Шымкент қаласы мен Қостанай облысы (3 қаржы пирамидасы) тұр. Қалған өңірлерде 1 немесе 2 қаржы пирамидасы бар», - деді Өмірсерік Тәжмағанбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама