×

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды

 Еркеғали Болатұлы 30.03.2023 | 15:30
фото: Halyq Uni

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктердің тізімін атады.

Бүгінгі Парламент отырысында ол қазір қаржылық тұрақтылық бағдарламасына 6 банктің қатысқанын айтты.

Бұл бағдарламаны 2017 жылы Ұлттық банк бекіткен. Кейін олар банктердің балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейін анықтады. Осы проблемалық несиелер бойынша провизия құру және аталған банктерді капиталсыздандыру мақсатында қаржылық тұрақтылық бағдарламасы қабылданды, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Ол Ұлттық банктің реттелген облигациялар орналастырғанын, ал үштен бірін акционерлер қайта капиталдандыруға тиіс болғанын жеткізді.

Бұл облигациялар қазір «Еуразиялық банк», «ЦентрКредит банкі», «Нұрбанк», «РБК Банк», «АТФ Банк» және Jusan банкпен біріктірілген «Цесна банк» балансында сақталып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдау қаражаты балансы «Казкоммерцбанкті» сатып алу бойынша жасалған мәмілеге байланысты Halyk Bank-те қалады», – деді Әбілқасымова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама