×

Елімізде балалар үйірмелеріне бөлінген қаржының бір бөлігі ұрланған – Дидар Смағұлов

«Әділдік жолы» Сыбайлас жемқорлық қызметіне хат жолдады

 Айнұр Шошаева 04.04.2022 | 15:27
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда балалар үйірмесі мен спорт секцияларына бөлінген қаржының бір бөлігі ұрланған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірестіктің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

«Президент тапсырмасы бойынша елімізде балаларға арналған 5984 тегін шығармашылық үйірме мен 3289 спорт секциясы ашылды. Биыл 28 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Біз жүргізген талдаудың алғашқы күні қаражаттың бір бөлігі ұрланғанын көрсетті. Кейбір балалар үйірмеге қатыспақ түгелі, ата-аналары олар туралы білмейтін болып шықты», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, қазір қоғамдық бірлестік атынан шара қабылдау үшін Антикорға хат жолдаған.

«Егер сіз artsport.edu.kz сайтында секцияға немесе үйірмеге жазыла алмасаңыз, демек балаңыз қазір спортпен «шұғылданып» және шығармашылықпен «айналысады» деген сөз. Біз Данара Сарановамен бірігіп, Шымкенттен бастап, ондаған сәйкессіздіктерді анықтадық. Шара қабылдау үшін Антикорға хат жолдадық, бұл жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жалғастырамыз», - деп қосты Смағұлов.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керегін, сонымен қоса, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажеттігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама