2 млн теңгеге дейін: Отбасы банк салымшыларына өтемақы аударылды
Өтемақы 2023 жылғы 10 ақпанға дейін өтініш берген салымшыларға ғана түседі
17-18 наурызда Отбасы банк салымшыларының шоттарына 10 пайыздық өтемақы түсті, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
16 наурызда Отбасы банкіне 115,1 миллиард теңге қаражат түсті. Ал 17-сінде өтемақы аудару басталды. Қаражат банкте ашылған 883 071 депозитке аударылады, - делінген хабарламада.
Теңгемен жиналған депозиттерді қорғау бағдарламасының ережелеріне сәйкес, өтемақы 20 миллион теңгеден аспайтын салым сомасына 10% көлемінде есептеледі. Бұл – бір банкте ашылған барлық депозиттің жалпы сомасы.
200 мың теңге көлеміндегі өтемақыға салымшылардың 80 пайызға жуығы қол жеткізеді. Клиенттердің тағы 13,3 пайызы 200 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін алады. 1 миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік қолдауды салымшылардың 4%-ы иемденеді. Ал 2 миллион теңге көлеміндегі ең жоғары сома 2 375 депозит иелерінің есепшотына түседі, - делінген хабарламада.
Бұл ретте өтемақы 2023 жылғы 10 ақпанға дейін өтініш берген салымшыларға ғана түседі. Депозиттен ақша ішінара шығарылса, онда өтемақы сақталған депозиттің ең аз қаржы қалдығына есептеледі. Сонымен бірге 2022 жылғы 23 ақпаннан кейін жинаққа толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозитті қамтамасыз ету ретінде берілсе, сонымен бірге бұл депозит 2022 жылғы 23 ақпанға дейін сақталса, онда бұл салым бойынша да өтемақы қарастырылады.
Өтемақы мына депозиттерге төленбейді:
1) 2023 жылдың 23 ақпанына дейін (қоса алғанда):
- жабылған депозиттер;
- кепіл ретінде болған, кейін несие өтеліп, келісімшарты тоқтатылған депозиттер;
- тұрғын үй заемына көшкен/тұрғын үй заемы рәсімделген, оның ішінде автоматты түрде көшкен депозиттер бойынша;
2) депозит онлайн табыстау қызметі арқылы (ақылы түрде) сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.
3) депозит 23.02.2023 жылға дейін (әмбебап құқыққа ие болу тіркеуін қоса алғанда) 10.02.2023 жылға дейін өтемақы алуға өтініш бермеген салымшыға табысталған жағдайда.