74 млн теңге: Шымкентте әлеуметтік орталық нанды 4 есе қымбатқа сатып алмақ болған
Антикор мекемеге сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 70 млн теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 225 тоннаға жуық қара нанды сатып алуды жоспарлаған. Жалпы сомасы – 74 млн теңге. Өткен жылы нанды тұтыну 12,2 млн теңге сомасына 53 тоннаны құраған.
Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу көлемін 4 есе асыра бағалауды қайта қарау және оны сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жоспарланған сома 3,4 млн теңгеге дейін төмендетілді, қажетті нан саны 25,7 мыңға азайтылды. Сатып алу көлемін ескере отырып, үнемдеу 70 млн теңгеден асты.
Аталған орталық 250 орынға есептелген. Қазір онда 240 адамға қызмет көрсетіліп жатыр.