Қазақстандықтарға көлік салығын төлеу уақытының аз қалғаны ескертілді

Еркеғали Болатұлы

Есептелген сомалар Kaspi.kz мобильді қосымшасына PUSH хабарлама түрінде жіберіледі

фото: tvoe-avto.com

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға арналған көлік салығын төлеу 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін кешіктірілмеуі керек екенін еске салды.

Бұл ретте көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен есептеуге болады. Ал есептелген сомалар наурыз айында «Каспи банк» АҚ мобильді қосымшасын пайдаланушыларға PUSH хабарлама түрінде жіберіледі.

Сондай-ақ салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының «Электрондық қызметтер» – «Жеке және жеке тұлғаларға алдағы төлемдер қызметі» сервисінен немесе «Каспи банк» АҚ мобильді қосымшасынан білуге болады.