Зейнетақы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына да жарнаны уақтылы аудармайды екен
Жезқазғанда «Қазақмыс» компаниясының 50-ге жуық жұмысшыcы наразылыққа шықты.
Олардың айтуынша, кәсіпорын басшылығы жалақыны уақытында төлемейтін көрінеді. Жұмысшылар басшылыққа талаптарын жеткізу үшін кәсіпорын ғимаратының алдына таңғы 8-ден бастап жиналып тұр.
31 арнаның хабарлауынша, олар зейнетақы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарының уақтылы аударылмай жатқанын да алға тартқан. Осылайша, кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы салық және басқа да аударымдар бойынша берешегі 125 миллион теңгеге жетіп отыр.
Жиналғандардың мәселесін тыңдауға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары мен кәсіпорынның директоры барған. Содан соң «Қазақмыс Энерджи» компаниясының бас директоры да жетіпті.
Тараптар өзара келісуге тырысып жатыр. Алайда оқиға қалай шешілетіні белгісіз.