Halyq Uni логотип
×

Әйелдер Отбасы банктың өзіне 1 трлн теңгеден артық ақша жинап тастаған

Барлық жинақтаушы шоттардың 68 пайызын да әйелдер ашқан екен

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2023 | 14:18
Әйелдер Отбасы банктың өзіне 1 трлн теңгеден артық ақша жинап тастаған
фото: Halyq Uni

Қазақстандық әйелдер Отбасы банкке 1 трлн теңгеден аса ақша жинаған. Бұл – банктегі барлық жинақтардың тең жартысы, деп хабарлады 24.kz.

Тағы 1,5 млн депозит немесе барлық жинақтаушы шоттардың 68 пайызын да әйелдер ашқан екен. Ал депозиттегі максималды сома 50 млн теңгеден асады.

Статистикаға сүйенсек, баспана алу үшін нәзік жандарға 6-10 жыл көлемінде ақша жинау жеткілікті көрінеді. Тиынды тиянақты жинайтындар үш мегаполис – Алматы, Астана және Шымкентте тұратын болып шықты.

Қазақстандық әйелдер жинаған қаражат:

Отбасы банкте – 2,2 трлн теңге (әйелдердің шотында – 1,1 трлн теңге);

Әйелдер ашқан депозиттерде – 1,5 млн теңге;

Депозиттің максималды сомасы – 50 млн теңге;

Ақша жинау мерзімі – 6-10 жыл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама