Ол кедергісіз зейнетақы тағайындағаны үшін пара алған
24 наурызда Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Дадаметовты мемлекеттік қызметте істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
Ол Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдың жеке тұлғаларға кедергісіз зейнетақы тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.