Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында мемлекетке 715 млн теңге залал келтірген ҰҚТ мүшелері сотталды

ҰҚТ басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Атырау облысында қаражатты криминалдық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырудың кезекті дерегін анықтап, Н.Дәулетьярова есімді азамат басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

ҰҚТ мүшелері үлестес компаниялар – «Атырау Инвест Групп» ЖШС, «БР-Групп» ЖШС, «Ербек-компани» ЖШС атынан 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыс кәсіпорындарына жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырды.

Осылайша, компанияларға 715 миллион теңгеден астам сомаға бюджетке салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен.

Бас ұйымдастырушы Н.Дәулетьярова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайластары Р.Баткаев пен Б.Жүсіпов тиісінше 5 және 5,5 жылға сотталды.

Бұл адамдар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару, сондай-ақ бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама