Мысалы, ол 1 литрі 310 теңге тұратын айранды 450 теңге деп көрсеткен
Ақмола облысында жеткізуші сауда желілеріне сүт өнімдерінің бағасын 45% үстемемен өткізген.
Жеткізуші – жеке кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде тауар үстемесін асырып жіберген. Майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айранның 1 литрі – 310 теңге, ал жеткізуші 450 теңге деп көрсеткен. Сауда үстемесі – 45,2%, - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Сондай-ақ жеке кәсіпкер майлылығы 5 пайыздық сүзбені сауда желілеріне 1 560 теңгеден өткізген. Ал өзі өндірушіден 1 300 теңгеден сатып алған. Сауда үстемесі – 20%.
Ақмола облысы бойынша делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қарауына үстемеақыдан асып кету фактісі бойынша материалдар жіберілді. Сонымен қатар, жеткізуші өнімге сауда үстемесін 15%-ға дейін төмендететінін хабарлады.