×

Биылдан бастап қандастарға баспана үшін ақшалай көмек беріледі

Тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотеканың бастапқы жарнасы үшін арнайы сертификат ала алады

 Еркеғали Болатұлы 02.03.2023 | 12:19
фото: Halyq Uni

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы бұйрығымен қандастарды ерікті түрде көшіру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Оларға Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотека бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем – экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі.

Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастар мен қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.

Ақшалай төлем алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш беріп, мына құжаттарды жинау керек:

  • Үй сатып алу-сату шарты;
  • Екінші деңгейлі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдағанын растайтын құжат;
  • Тұрғын үй салу кезінде қандастың немесе қоныс аударушының меншігінде ЖТҚ және/немесе ЖТҚ жер учаскесінің болуын растайтын құжат.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары 3 жұмыс күні ішінде оны қарайды. Экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы себептерін негізге ала отырып, шешім шығарады.

Бұйрық биыл 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама