×

Антикор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тың мәлімет жариялады

Шымкентте 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 30.03.2022 | 15:02
Шымкент қаласы әкімдігі, фото: ernur.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама