Зілзала: Болат Өтемұратов Түркияда зардап шеккендерге 5 млн доллар аударды
Ал Қазақстаннан аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады
Қазір елімізде Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар түскен. Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына (AFAD) аударылады.
Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратовтың қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар аударылған.
Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады, - делінген хабарламада.