1200 жас мен жасөспірім онлайн шеберлік сабағына қатысты
2021 жылдан бастап жүзеге асырылған «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы қалыптасып келе жатқан тұлға өмірінің барлық салаларына барынша әсер етіп, бәсекеге қабілетті азамат құндылықтарын насихаттауды көздейді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осы платформаның аясында қазақстанды қоғамды біріктіру мен дамытуға бағытталған адамгершілік және тәрбиелік құндылықтарды жас ұрпаққа сіңіру үшін ақпараттық контент әзірленді.
Электронды брошюралар мен флайерлер, нұсқаулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, қалталық нұсқаулық пен үстел ойындары түрінде ақпараттық-әдістемелік өнімдердің жинағы дайындалды. Отбасылық үйлесімділік туралы онлайн бейнелекциялар, мемлекеттік қолдау жүйесін түсіндіретін бейнематериалдар, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын вирустық роликтер, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мотивациялық онлайн оқыту курстары шығарылды.
2022 жылы «Ұлттық тәрбие» идеологиялық платформасы» аясында: Сыныптан тыс сабақтардың сценарийлері; Ұлы Даланың атақты тұлғаларының нақыл сөздері бар электрондық стикерпактар (эмоджи); Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған ұлттық нақыштағы 5 (бес) дамыту ойынының макеттері; экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамытуға арналған бейнероликтер мен ынталандырушы инфографикалар әзірленді, – деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Жоғарыда аталған платформа бойынша атқарылған барлық жұмыстарға 2022 жылы 16 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Ал 2023 жылға жоғарыда аталған бағыттарға қаржы қарастырылмаған.
Сонымен қатар, 2022 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» тарапынан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу» бойынша іс-шаралар кешені іске асырылды. Гранттық жобаны «Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қорының ұйымдастыруып өткізді. Жобаны іске асыруға 19,9 млн тенге қаржы жұмсалды.
Жобаның жүзеге асырылу нәтижесінде келесідей нақты нәтижелерге қол жеткізілді:
Министрлік мәліметінше, 2023 жылға жоғарыда аталған бағытқа қаржы қарастырылмаған.
Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамды дамытуға бағытталған қазақстандық жас ұрпақта адамгершілік және тәрбиелік құндылықтарын тәрбиелеу үшін жоғары сапалы ақпараттық контент құру және оны одан әрі ілгерілету; жаңа формациядағы жастар ұрпағын қалыптастыру; дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау; қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау және қоршаған ортаға құрметпен қарау; азаматтардың моральдық өзін-өзі тануы мен толеранттылығын арттыру бағытында «Ұлттық тәрбие» жобасын іске асыруда.