×

Министрлік жастар тәрбиесіне 20 млн теңге жұмсаған

1200 жас мен жасөспірім онлайн шеберлік сабағына қатысты

 Бауыржан Мұқанов 24.02.2023 | 17:08
Фото: kisi.kz

2021 жылдан бастап жүзеге асырылған «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы қалыптасып келе жатқан тұлға өмірінің барлық салаларына барынша әсер етіп, бәсекеге қабілетті азамат құндылықтарын насихаттауды көздейді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осы платформаның аясында қазақстанды қоғамды біріктіру мен дамытуға бағытталған адамгершілік және тәрбиелік құндылықтарды жас ұрпаққа сіңіру үшін ақпараттық контент әзірленді.

Электронды брошюралар мен флайерлер, нұсқаулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, қалталық нұсқаулық пен үстел ойындары түрінде ақпараттық-әдістемелік өнімдердің жинағы дайындалды. Отбасылық үйлесімділік туралы онлайн бейнелекциялар, мемлекеттік қолдау жүйесін түсіндіретін бейнематериалдар, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын вирустық роликтер, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мотивациялық онлайн оқыту курстары шығарылды.

2022 жылы «Ұлттық тәрбие» идеологиялық платформасы» аясында: Сыныптан тыс сабақтардың сценарийлері; Ұлы Даланың атақты тұлғаларының нақыл сөздері бар электрондық стикерпактар (эмоджи); Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған ұлттық нақыштағы 5 (бес) дамыту ойынының макеттері; экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамытуға арналған бейнероликтер мен ынталандырушы инфографикалар әзірленді, – деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Жоғарыда аталған платформа бойынша атқарылған барлық  жұмыстарға 2022 жылы 16 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Ал 2023 жылға жоғарыда аталған бағыттарға қаржы қарастырылмаған.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» тарапынан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу» бойынша іс-шаралар кешені іске асырылды.  Гранттық жобаны «Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қорының ұйымдастыруып өткізді. Жобаны іске асыруға 19,9 млн тенге қаржы жұмсалды.

Жобаның жүзеге асырылу нәтижесінде келесідей нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

  • 1200 жас мен жасөспірім онлайн шеберлік сабақтарға қатысу арқылы әскери-патриоттық білімдерін нығайтты, әскери сана, әскерге психологиялық дайындық, әскери мінезді қалыптастыру және т.б. тақырыптар бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін арттырды; 
  • 342 жастар мен жасөспірімдер қоғам белсенділерімен бірлесе отырып әскери бағытты дамыту мәселелерін талқылады және оны шешу жолдарын дайындады;
  • 460 жас азамат марафондар мен челлендждерге қатысу арқылы өздерінің әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты шығармашылықтарын көрсетті; 
  • 200-ден астам жастар мен жасөспірімдер әскери бөлімдерге, әскери музейлерге ұйымдастырылған экскурсия мен соғыс ардагерлерімен өткізілген кездесулер, патриоттық акциялар нәтижесінде әскери-патриоттық бағыттағы білімдерін дамытты; 
  • 200-ден астам еліміздің әр түкпірінен жиналған жастардың қатысуымен өткізілген жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша «IQ дода» сайысы арқылы жастар сапалы нетворкингке ие болды, өз білімдерін шыңдады; 
  • 50-ден астам әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктер Республикалық “Жас Патриот” бейнероликтер конкурсы арқылы өз шығармашылықтарын дамытты; 
  • 10 шағын грант иегерлерінің жүзеге асырылуымен ұйымдастырылған жобалар арқылы еліміздің әр аймағындағы жастар әскери-патриоттық бағыттағы жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
  • Республика бойынша үздік 50 жас патриот “Jiger - 2022” атты журналға шығарылу арқылы насихатталды; 
  • 60 жас азамат әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмысты дамыту мәселелері бойынша республикалық қоғамдық тыңдалымға қатысты.

Министрлік мәліметінше, 2023 жылға жоғарыда аталған бағытқа қаржы қарастырылмаған.

Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамды дамытуға бағытталған қазақстандық жас ұрпақта адамгершілік және тәрбиелік құндылықтарын тәрбиелеу үшін жоғары сапалы ақпараттық контент құру және оны одан әрі ілгерілету; жаңа формациядағы жастар ұрпағын қалыптастыру; дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау; қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау және қоршаған ортаға құрметпен қарау; азаматтардың моральдық өзін-өзі тануы мен толеранттылығын арттыру бағытында «Ұлттық тәрбие» жобасын іске асыруда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама