Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтардың 1,1 трлн теңге қарызы бар: 3 наурызда банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Қазір ақпараттық жүйе сынақтан өткізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 12:13
Қазақстандықтардың 1,1 трлн теңге қарызы бар: 3 наурызда банкроттыққа өтінім қабылдау басталады
коллаж: Halyq Uni

Биыл 3 наурызда Қазақстанда банкронттыққа өтінім қабылдау басталады. Бұл турады Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде 1 млн 180 мың қазақстандықтың 1 трлн 100 млрд теңгесі бар.

3 наурызда алғашқы өтінімдерді қабылдауды бастаймыз. Қызметкерлеріміз өңірлерге жіберіледі. Бұған дейін біз халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Банкроттықты рәсімдеу қарызды кешіру әрі рақымшылық емес. Оның салдары болады, - деді Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысында.

Еске салайық, биыл 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдау басталады. Қарызын (несиесін) төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады:

  • Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.
  • Екінші рәсім – сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру.
  • Үшінші рәсім, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі.

Банкрот деп танылған адам 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп танылу мүмкіндігінен айырылады. Олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама