×

Жұмысынан айырылған 25,2 мың адам арнайы төлем алды

18,5 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды

 Қымбат Елтайқызы 29.03.2022 | 10:30
фото: ашық дереккөзден

25,2 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алды.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, МӘСҚ-тан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 25,2 мың адамды құрады. Биыл 18,5 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне әрі соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жасалады.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жасалады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама