Жұмысынан айырылған 25,2 мың адам арнайы төлем алды
18,5 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды
25,2 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алды.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, МӘСҚ-тан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 25,2 мың адамды құрады. Биыл 18,5 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне әрі соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жасалады.
МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жасалады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналады.