Halyq Uni логотип
×

Қазақстан кәсіпорындары жұмыскерлерінің 565 млн теңге жалақысын төлемеген

2,6 мың қызметкер еңбекақысын ала алмаған

 Қымбат Елтайқызы 28.03.2022 | 10:00
Қазақстан кәсіпорындары жұмыскерлерінің 565 млн теңге жалақысын төлемеген
фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 129 кәсіпорнында 2,6 мың қызметкердің алдында 564,9 млн теңгеден астам сомаға айлық бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындар басшыларына орындалуы міндетті 58 нұсқама беріліп, 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 1071-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 442 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама