Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында жүйелі түрде пара алған бірқатар лауазымды тұлға ұсталды

Олар Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Халық үні 12.11.2021 | 11:27
Түркістан облысында жүйелі түрде пара алған бірқатар лауазымды тұлға ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстады.

Олар Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі-қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған.

Қазіргі уақытта бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама