×

Елімізде төлқұжат үшін әртүрлі баж салығы енгізілмек

Салық сомасы құжаттағы бет санына байланысты болады

 Айнұр Шошаева 25.03.2022 | 15:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда төлқұжатқа мемлекеттік баж салығын құжаттағы бет санына қарай төлеуді енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан азаматы төлқұжаты үшін беттер санына қарамастан 8 АЕК төлейді. Салық кодексіне енгізілгелі отырған жаңа түзетуге сәйкес, азаматтар төлқұжат алу үшін баж салығын әртүрлі көлемде төлейтін болады. Атап айтқанда, 615-баптағы өзгертуге сәйкес, Қазақстан азаматы 22 беттік төлқұжат алу үшін 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін), ал 36 беттен тұратын құжат үшін 8 АЕК төлеу қажет. Сондай-ақ 48 беттік төлқұжат үшін 12 АЕК төлейді.

Бұнымен қатар жеке куәлік үшін мемлекетке төленетін төлем құны да өзгереді. Мәселен, азаматтар үшін жеке куәлік алу 0,2 АЕК, ал азаматтығы жоқ адам куәлігі үшін 8 АЕК болады. 

2022 жылы елімізде 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3063 теңге болып бекітілді.

Түзетулер жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Азаматтар 6 сәуірге дейін талқылауға қатысып, пікір қалдыра алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама