Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында мембағдарлама бойынша бөлінген 250 млн теңге қаражатты жымқырған кәсіпкерлер сотталды

Нақты 585 бас ірі қара мал сатып алынбаған

Түркістан облысында мембағдарлама бойынша бөлінген 250 млн теңге қаражатты жымқырған кәсіпкерлер сотталды
көрнекі фото: liter.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері Түркістан облысында «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру дерегінің жолын кесті.

Е.Күзенбаев пен Р.Пайсханов «Балабоген-7» ЖШС атынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан асыл тұқымды мал сатып алуға 380 миллион теңге несие алған. Корпорацияға бұл қаражатты Ресейден ірі қара мал сатып алуға «Меркит» ЖШҚ шотына аудару туралы жалған құжаттар ұсынылды.

Бұдан әрі, несие шартының бір бөлігін жабу үшін Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан 131 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік субсидиялар алынды.

Бұл ретте, 585 бас ірі қара мал нақты сатып алынбаған, есепке алу дерекқорына жалған мәліметтер енгізілген.

Нәтижесінде 250 миллион теңге жымқырылған және мақсатқа сай пайдаланылмаған. Р.Пайсханов 6 жылға, Е.Күзенбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама