Шетелдік басқарушылардың мүмкіндіктерін кеңейту көзделіп отыр
Қазақстандықтардың зейнетақы шоттарында жеткілікті шектен асып тұрған барлығы 600 миллиард теңге жиналған.
Еске сала кетсек, екі жыл ішінде салымшылар қордан түрлі себептермен 3,5 триллион теңге алған еді. Оның 90 пайыздан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал қалғаны емге жұмсалған.
Ал ешқандай қажеттілігі болмаған азаматтар қордан артылған қаражатты басқарушы компанияларға аударыпты. Енді мұндай мүмкіндік барлық қазақстандықтарға берілмек. Салымшылар жиналған ақшасының жартысын жеке компанияларға инвестициялай алатын арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.
Біз Қазақстан аумағында зейнетақы активтерін басқару бойынша шетелдік басқарушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеп отырмыз. Ең маңызды критерий менеджердің рейтингі, яғни инвестициялық несиелік рейтинг, басқару рейтингі және оның нарықтағы беделі болады, - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.