×

Қарағандыда ҚТЖ қаражатын жымқырған ЖШС директоры сотталды

Сот үкімімен ЖШС басшысы 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

 Қымбат Елтайқызы 25.03.2022 | 10:38
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

А.Б. Құдайқұлов 2015 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясынан жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын «Қарағанды магистральдық желі станцияларындағы жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде» жұмыс көлемін арттыру арқылы жымқырған.

Тергеу әрекеттері барысында бюджетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама