×

Аумақтық сайлау комиссияларын ұстауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ

Аумақтық сайлау комиссияларының 797 мүшесі бар

 Ая Өміртай 06.02.2023 | 14:30
Фото: Halyq Uni

Аумақтық сайлау комиссияларына 6 752 170 000 тг жұмсалмақ, деп хабарлайды Halyq Uni

Тапсырыс беруші – Орталық сайлау комиссиясы. Әлеуетті өнім беруші ретінде тікелей келісімшарт жасау арқылы ОСК Инженерлік-техникалық орталығы таңдалған. 

Келісімшарт құны – 6 752 170 000 теңге.

Техникалық сипаттамасында көрсетілгендей, бұл қаржы кәсіпорынның 26 қызметкерінің аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастыру қызметіне жәрдемдесуіне, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. 

Аумақтық сайлау комиссиясына еңбекақы, жылына екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының 797 мүшесі бар.

Аумақтық сайлау комиссиясы сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылау, Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi. 

Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама