18 жасқа толғаннан кейін азаматтығын ауыстырған балалар Ұлттық қордан аударылған ақшаны ала алмайды

Халық үні

Ұлттық қордан балаларға аударылатын ақшаға салық салынбайды

фото: Halyq Uni

2024 жылы Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылады. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шот ашылып, оларға жыл сайын қаражат түсіп отырады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» таңдалды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан бала шотына ақша аудару механизмі әзірленгенін, Қаржы министрлігі оның ережелерін дайындап жатқанын айтты.

«Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға жылдық қорытынды бойынша тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайыз әр балаға үлестіріледі. Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады. Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз 18 жылдағы орташа кірісті аламыз. Себебі, 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ бала 18-ге толған соң азаматтығын ауыстырса, ол бұл қаражатты ала алмайды.

Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды, - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, 18 жасқа толған бала шотындағы ақшаны алғанда салық салынбайды. Механизм дайын. Қаржы министрлігі ережелерін дайындап жатыр.