Биыл 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдау басталады
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкрот деп танылған қазақстандықтарға шекарадан шығуға ешқандай шектеу қойылмайтынын мәлімдеді.
Кей елдерде банкрот деп танылған адамдарға шетелге шығуға тыйым салынғанымен, мұндай норма Қазақстан заңнамасында көзделмеген.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан заңнамасында тек сот банкроттығы рәсімделетін тұста – процедура алты ай қаралатын кезде ғана шектеу қойылады. Себебі азамат сотқа жүгініп, шет елге шығып кетсе, процедура тоқтап қалады. Сондықтан нақты шешім қабылданға дейін шектеу қойылады. Одан кейін шектеу алынады.
Еске салайық, биыл 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдау басталады. Қарызын (несиесін) төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады:
Банкрот деп танылған адам 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп танылу мүмкіндігінен айырылады. Олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.