Барлық шығынды мемлекет өтейді
Мәдениет және спорт министрлігі Kids Go free бағдарламасы бойынша ұшақпен тегін ұша алатын балалардың саны 2 мыңға дейін артатынын хабарлады.
Айта кетсек, былтыр осы бағдарлама бойынша 1 500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған болатын.
Биыл біз 2 мың балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар, Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар әуе билетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды, - деді министр Асхат Оралов.
Бұл ретте ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік былтырдан бастап берілген. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Ал барлық шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.