×

Ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың қатары артатын болды

Барлық шығынды мемлекет өтейді

 Еркеғали Болатұлы 27.01.2023 | 16:31
фото: kidsbebus.ru

Мәдениет және спорт министрлігі Kids Go free бағдарламасы бойынша ұшақпен тегін ұша алатын балалардың саны 2 мыңға дейін артатынын хабарлады.

Айта кетсек, былтыр осы бағдарлама бойынша 1 500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған болатын.

Биыл біз 2 мың балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар, Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар әуе билетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды, - деді министр Асхат Оралов.

Бұл ретте ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік былтырдан бастап берілген. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Ал барлық шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама