Қарасай аудандық білім беру бөлімі 10 430 000 теңге сомасына негізсіз келісімшарттарға отырған
Алматы облысында мектеп директоры кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысып, бірқатар мемлекеттік тапсырыстар алған.
Қарасай ауданындағы М. Бейсебаев атындағы орта мектеп директоры «Нұр-Сезім-М» ЖШС құрылтайшысы мен басшысы екендігін анықталды. Одан бөлек, аталған мектеп директорына тиесілі ЖШС Қарасай аудандық білім беру бөлімінен 30 374 688 теңге сомасына бірнеше мемлекеттік тапсырыс алған.
Айта кететін жайт, аталған Қарасай аудандық білім беру бөлімі 10 430 000 теңге сомасына негізсіз келісімшарттарға отырған.
Мұның барлығы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын өрескел бұзу болып саналады.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі аталмыш фактілер бойынша тексеру жүргізіп, шара қолдану үшін Антикорға өтініш жолдады. Департамент өтініш негізінде тексеріс ұйымдастыру үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен облыстық білім беру басқармасына жіберді.