×

879 шетелдік көлік заңдастырылды: науқанды алаяқтар да жақсы пайдаланып жатыр

Біреуі «қызметі» үшін жүргізушілерден 1 млн 200 мың теңге талап еткен

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2023 | 14:55
фото: inbusiness.kz

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 13 мың өтініш алдын ала мақұлданды. 879 адам көліктерін сәтті заңдастырып, жаңа нөмір алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Осы науқанға орай қазір алаяқтар да интернетте «шет елден әкелінген көліктерді есептен шығаруға көмектесеміз» деп жалған хабарландырулар таратып жатыр. Ведомство мұндай ақпараттан сақ болуға шақырады.

Мысалы, Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мониторинг кезінде әлеуметтік желілер мен сайттардан осындай күдікті хабарландыруларды тапқан. Белгісіз азамат қызметі үшін жүргізушілерден 1 млн 200 мың теңге талап еткен. Шұғыл іздестіру шарасы кезінде күдіктінің Қостанай облысының тұрғыны екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама