Компания инвестициялық жоба ретінде жасырын жұмыс істеген
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері инвестиция саласындағы маркетинг компаниясы ретінде жасырын жұмыс істеген «EDEN LIFE» қаржы пирамидасының жолын кесті.
Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.
Алдын ала келісім (сөз байласу) бойынша бір топ тұлғалардың қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Агенттік аталған компанияның құрбаны болған азаматтарды хабарласуға шақырды.