Қарағандыда мемлекетке 300 млн теңгеден астам шығын келтірген ЖШС директоры сотталды
Ол кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасасқан
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері жұмысты нақты орындамай, жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан Қарағанды облысындағы «ГорСнаб» ЖШС директорын анықтады.
Азамат Ә.Тәжікеев басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3% мөлшерінде сыйақы алып отырған.
Нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. ЖШС директоры Ә.Тәжікеев 2,6 жылға сотталды.