Елордада әлі мәселесі шешілмеген 3 мың үлескер бар - Көлгінов

Халық үні

Бұл ретте инвесторлардың жеке қаражаты тартылған

фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа астананың әлеуметтік-экономикалық әрі инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Президентке биыл 28 500 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғаны баяндалды. Оның 24 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Сонымен қатар инженерлік желілерді жаңғырту, көпірлер мен жолдар құрылысы, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері туралы айтылды.

Қала әкімінің айтуынша, Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлер жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, кезекте тұрған азаматтарға әлеуметтік пәтерлер салынуда. Бұдан бөлек, биыл 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерден көшіріледі. 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешіліп, құрылысы ұзаққа созылған нысандар жұмысын аяқтауға инвесторлардың жеке қаражаты тартылған. Сондай-ақ білім беру орындары, медициналық орталықтар әрі басқа да әлеуметтік нысандар салынады, – дейді Ақорда.

Мемлекет басшысы әкімдік жұмысын мақұлдап, бас қаланы дамыту мен абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.