Былтыр еңбек инспекторлары жұмысшыларға 5,2 млрд теңгені қайтарып берген
Кәсіпорын басшыларына 144,6 млн теңгеден асатын айыппұл салынды
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,2 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 914 кәсіпорнында 21,7 мың жұмысшыға 5,3 млрд теңгеден аса сомаға жалақы бойынша берешекті анықтаған.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 881 нұсқама беріліп, 144,6 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.