Қаржы пирамидасын құруға қатысты қылмыстық істер саны азайды
Қазақстанда қылмыстық кодекстің 127-бабы («қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету») бойынша тіркелген қылмыстық істердің саны азайды. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары хабарлады.
Кейінгі 5 жылдағы статистикаға көз жүгіртсек, 2019 жылы қаржы пирамидаларын құрушыларға қатысты қылмыстық істің саны салыстырмалы түрде аз болды.
Ал коронавирус пандемиясы басталған жылы бұл көрсеткіш бірден жеті есеге, 24-тен 180-ге дейін өсті.
Шығын сомасы үш есе өсті – 2020 жылы 1,59 миллиард теңгеден 6,17 миллиард теңгеге дейін жетті.
2021 жыл Қазақстанда қаржы пирамидаларын құрушылар мегаполиспен қатар басқа аймақтарда жұмыс істеген. Бұл жылы қылмыстық істер саны біршама азайды ( 6,1%-ға), алайда шығын бірнеше есе өсті – 33,34 миллиард теңгеге дейін жетті.
2022 жылы салымшылар ақша салған қаржы пирамидасына қатысты қылмыс саны аз болды – қаңтар-қараша арасында 127 жағдай тіркелді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 24,8%-ға азайды. Жәбірленушілердің саны 1,2 мыңнан 625 адамға дейін азайды.
Айта кетейік, статистикаға полицияға арыз жазған жәбірленушілер ғана енгізілген.
Шығынға келер болсақ, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша 2022 жылдың қаңтар-қараша арасында қазақстандықтар қаржы пирамидасына 8,11 миллиард теңге құйған. Оның тек 4% немесе 325 миллион теңгесі ғана қайтарылды.
Сарапшылардың дерегіне сәйкес, қаржы пирамидасына құйылған қаражаттың қайтарылу мүмкіндігі өте аз: 2019-2021 жылдары құйылған қаржының 1%-ға жетпейтін бөлігі қайтарылса, 2018 жылы 1,07%-ы қайтарылды.
Тергеушілердің іс жүргізуіндегі қылмыстық істердің жалпы саны едәуір азайды: 2022 жылғы аяқталмаған істерді қосқанда 230 іс бар, 2021 жылы осы кезеңде 362 іс тіркелген.
2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында қылмыстық істердің үлесі өте жоғары болды (75,7%), - дейді сарапшылар.
Айта кетейік, қаржы мониторингі агенттігі компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік беретін Telegram-бот әзірледі.
Ол "Baiqa, piramida!" деп аталады.
Ол үшін пайдаланушы Telegram-ботқа компания/ұйым сайтының, Instagram парақшасы, Vkontakte тобы немесе Telegram арнасының сілтемесін https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта енгізуі қажет.
Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен бұғатталса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектісі болса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі.