Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақтарының 50%-ын ала ма? – қор мәлімдемесі
Қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтына орналасқан
Әлеуметтік желілерде зейнеткерлердің қордағы жинақтарының 50%-ын алуға болатыны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы:
егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген, - делінген қор мәлімдемесінде.
Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының міндетті зейнетақы жарналарының және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.
Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50%-ын алу мүмкіндігі туралы жалған хабарламаларды елемеуге кеңес береді. Оның үстіне, БЖЗҚ барлық операцияларды тегін жүргізеді, - деп түсіндірді қор өкілдері.
Айта кетейік, қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтына орналасқан. Барлық қызметтер қор бөлімшелерінде немесе enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.