×

Бір апта өтті: Гүлмира Сатыбалды ісі әлі Астана сотына түскен жоқ

Сот процесі 11 қаңтарда Алматыда басталды

 Айгерім Таубай 18.01.2023 | 11:50
фото: Halyq Uni

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс Астана сотына әлі түспеді. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі Halyq Uni тілшісіне хабарлады.

11 қаңтарда Алматыда Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот процесі басталды.

Сотта Сатыбалдының адвокаты сотталушыны үйқамаққа жіберуді сұрады және сот процесін Астанада жалғастыру туралы өтініш білдірді. Сот адвокаттың өтінішін ішінара қанағаттандырды. Сатыбалдының үйқамаққа жіберілмейтіні, алайда сот процесі енді Астана қаласында жалғасатыны айтылды.

Алматы қаласы Алмалы ауданы сотына түскен Сатыбалды және басқа да сотталушыларға қатысты қылмыстық іс Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотына жолданды, - делінген Алматы соты таратқан ақпаратта.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Ол 2022 жылдың 16 наурызында ұсталып, Астанада қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал Қайрат Сатыбалды сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама