Олар «Шаңырақ +» бағдарламасы аясында ипотекалық қарызға балама ұсынған
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуге алды.
Тұрғын үй кооперативі түріндегі ұйым Қазақстан аумағында, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарға табысына қарамастан тұрғын үй сатып алуға жалған көмек көрсету мақсатында қаржылық қызметті жүзеге асырған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы «Шаңырақ +» бағдарламасы аясында ипотекалық қарызға балама ұсына отырып, жеке тұлғаларды тартқан.
Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар салып, жаңа салымшыларды шақыру қажет болды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында компания филиалдарынан баспа өнімдері, буклеттер, компания қызметі туралы ақпараты бар брошюралар, шарттар, тізімдер және салымшылар бойынша ақпарат анықталып, тәркіленді, – делінген агенттік хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.