Қазақстандықтардың орташа зейнетақысы қанша - министрлік жауабы
Биыл азаматтарға 470,1 млрд теңге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
1 наурыздағы жағдай бойынша, азаматтарға 470,1 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 млрд теңге бөлінді, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан астам адамды құрайды. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 105 538 теңгені құрады.