Кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алған «Атамекен» ҰКП қызметкері ұсталды

Халық үні

Ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қанаған

фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысындағы филиалында қызмет бабын асыра пайдалану фактісін анықтады.

Алматы облысында «Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға жәрдемдескені үшін «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының директорына қатысты қылмыстық істі тіркеді. Ол қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлерден бірнеше рет заңсыз 200 мың теңге ақшалай сыйақы алған. Оған қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу аяқталып, прокуратураға жолданды.