×

Тоқаев 10 мың доллардан асатын шетел валютасын Қазақстаннан шығаруға тыйым салды

Президент экспорттауға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды

 Ербол Тұрымбет 15.03.2022 | 09:34
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 мың долллардан асатын шетел валютасын Қазақстаннан шығаруға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

Енді Қазақстаннан:

1) Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстанда сыртқы жағдайларға байланысты қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады.

ҚР екінші деңгейлі банктерде шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдық түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлемі бар. Соған қарамастан, қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты қанағаттандыруда қолма-қол шетел валютасын басқа елдерден Қазақстанға жеткізу ісінде логистикалық қиындықтар туындап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама