×

СҚО-да білім бөлімінің басшысы ұсталды

Пара алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде 

 Халық үні 28.12.2022 | 20:50
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің басшысы Сара Рамазанова қамауға алынды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Солтүстік Қазақстан облысындағы, Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Рамазанова С.М.-ға пара алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде. 

«Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Сара Рамазанова қамауға алынды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiндегі 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама