×

Антикор жақын арада 360 млрд теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарады

Қайтарылған активтердің бәрі мектеп құрылысына жұмсалады

 Халық үні 28.12.2022 | 16:09
көрнекі фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген активтер (мүлік) мен ақшалай қаражатты мемлекетке қайтаруды қамтамасыз еткен.

Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша бар.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Қайтарылған активтердің бәрі мектеп құрылысына жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама