Олар қоқыс орындарының көбеюіне жол берген
«Қазақстан ғарыш сапары» АҚ геопорталы арқылы Алматы облысының аумағында 351 стихиялық қоқыс орны анықталды: Еңбекшіқазақ ауданы – 61, Іле ауданы – 91, Қарасай ауданы – 56, Талғар ауданы – 33, Қонаев қаласы – 85.
Бүгінде геопортал арқылы анықталған 247 стихиялық қоқыс орны жойылып, 104 қоқыс орны әлі күнге дейін жойылмаған.
Бұл қоқыс орындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұзақ уақыт бойы жиналған. Соның салдарынан ауаның ластанып, санитарлық жағдай нашарлаған.
Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша Экология департаменті Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тартып, әрқайсына 100 АЕК-тен 306 300 теңге мөлшерінде айыппұл салды.