Алматылық 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласында заңсыз жолмен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру қызметімен айналысқан Г.Белозеровке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында Г.Белозеров 2017 жылдың соңынан 2020 жылға дейінгі кезеңде коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 4 компания арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткені анықталды.
Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.